«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Өндіріс және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 398 бұйрығы

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Өндіріс және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 398 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19021 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы есептілікті ұсыну қағидаларында:

қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда ұсынылсын.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің куратор вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрі

 

Е. Нагаспаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.